2025 жылғы 27наурызда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2025 жылғы түлектерге арналған судья лауазымына біліктілік емтиханы және 2026 жылы «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламалары, сонымен қатар,«8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс оқу жоспарының және білім беру бағдарламаларының (ғылыми-педагогикалық докторантура және бейіндік докторантура) жобалары талқыланып, бекітуге ұсынылды.
Сондай-ақ,Ғылыми кеңес мүшелері «Құқықтық пәндер бойынша кешенді кейстер жинағы» аттыоқу-әдістемелік құралдықазақ және орыс тілдерінде (құрастырушылар: Биебаева А.А., Мусин К.К., Нурышева Т.С., Егембердиев Е.О.) жәнефилос.ғ.д., профессорТ.К. Бурбаевтың«Құқықтық менталитет: әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбындағы монографиясынбасып шығаруға ұсыным беру туралы шешім қабылдады.