Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 04наурызда ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2025 жылғы түлектерге арналған судья лауазымына біліктілік емтиханы пәндерінің және 2025 жылы «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша магистратураға түсу пәндерінің тізбесі талқыланып, бекітуге ұсынылды.
Сонымен қатар,Академия магистранттарын тағылымдамаға жіберу туралы және ағымдағы жылы Академияның магистратурасына қабылдау науқанына дайындық барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Ғылыми кеңес мүшелері «7М042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша Үлгілік оқу жоспарының (бейінді магистратура және ғылыми-педагогикалық магистратура) жобаларынталқылады және бекітуге ұсынды.