From History to Legal Awareness: Master’s Students Visit the ALZhIR Memorial Museum

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары профессор Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаевпен бірге саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «АЛЖИР» – «Отанын сатқандардың әйелдері лагері» мемориалдық музейіне оқу-тәрбие мақсатындағы сапар жасады.

Бұл іс-шара болашақ судьялардың тарихи жадтың, адамгершіліктің және құқық үстемдігінің маңызын терең түсінуіне бағытталған білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болды.

Экскурсия барысында магистранттар музей экспозициясымен танысып, сталиндік қуғын-сүргіннің қасіретін бастан өткерген әйелдердің құжаттары, фотосуреттері мен пайдаланған жеке заттарын көрді. Әсіресе, жалған айыппен лагерьге түскен әйелдер мен балалардың тағдырын баяндайтын деректі фильм білім алушылардың жүрегінде терең із қалдырып, адам құқықтарын қорғау және өткеннің қасіретін қайталамаудағы тәуелсіз сот жүйесінің рөлі жөнінде пікір алмасуға негіз болды.

Профессор Т.К. Бурбаев мұндай іс-шаралардың болашақ судьяларда кәсіби әрі азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, құқықтық сананың рухани негіздерін нығайтуға және құқықтық кепілдіктердің шынайы құнын түсінуге ықпал ететінін атап өтті.

Оның айтуынша, тарихи жадпен бетпе-бет келу жас заңгерлердің адамгершілік қағидаттарын күшейтіп, тәуелсіз ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Тарих – тек білім ғана емес, заң саласы өкілдері үшін әділетті қорғау миссиясын еске салатын қымбат құндылық.

«АЛЖИР»-ге сапар заңгер мамандығының басты мұраты – қандай жағдай болмасын, халыққа қызмет ету, азаматтардың құқықтары мен абыройын қорғау болып табылатынын еске салды.

Supreme Judicial Council Republic of Kazakhstan
SUPREME COURT REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Astana city court
⁠⁠Scientific life
Paid courses
Certificate Verification
Академия логотипі

© Academy of Justice under the Supreme Judicial Council of the Republic of Kazakhstan, 2024