














2026 жылғы 25 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында мемлекеттік-құқықтық пәндер Ғылыми-білім беру орталығының профессоры Төлеуғали Қайыржанұлы Бурбаевтің «Құқықтық менталитет: әлеуметтік-философиялық талдау» атты монографиясының таныстырылымы өтті.
Кездесу барысында автор еңбектің мазмұнына, негізгі ғылыми тұжырымдарына және құқықтық менталитет ұғымының әлеуметтік-философиялық мәніне жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар монографияда қарастырылған құқықтық сана, мәдениет және қоғамдық трансформация мәселелері талқыланды.
Таныстырылымға профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер қатысып, мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ғылыми ой-пікірлерімен бөлісті.
Монографияның тұсаукесері Құқық философиясы саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын және олардың құқықтық мәдениет пен құқықтық ойлауды қалыптастырудағы рөлін атап өтті.
Іс-шара жоғары ғылыми деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.