НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына келесі құрылымдық бөлімшелерге конкурс жариялайды:

1

Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы (профессор — 1 бірлік, доцент – 1 бірлік)

2

Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы (доцент – 2 бірлік)

3

Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы (профессор — 1 бірлік, доцент – 1 бірлік)

Біліктілік сипаттамалар:

Профессор — жоғары «Бизнес, басқару және құқық» саласындағы білім, ғылым кандидаты, ғылым докторы, академиялық философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы.  Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья лауазымында не сот қызметіне қатысы бар салада кемінде он жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы.

Доцент — жоғары «Бизнес, басқару және құқық» саласындағы білім, ғылым кандидаты, ғылым докторы, академиялық философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы. Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья лауазымында не сот қызметіне қатысы бар салада кемінде жеті жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы.

Тілдерді білу: қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет (ағылшын) тілдерін білу.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, Академия ректорының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • өмірбаян;
  • тиісті мамандық бойынша жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;
  • дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе философия (академиялық) докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор дәрежесі;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • соңғы бес жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі;
  • Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Цитэйшн Репортс журналы) деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша білім беру сласына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша бағдарламаға (болған жағдайда) кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдардағы жарияланымдар тізімі;
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2020 жылғы 4 қараша № 21579 болып тіркелген);
  • наркология және психотерапия орталығынан анықтамалар;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Egov ақпараттық жүйесі беретін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, т.б.), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттарды беруге құқылы.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң аяқталады, сонымен қатар 2025 жылғы 15 тамызға дейін қабылданады.

Құжаттар электрондық пошта sta-kadr@apvs.kz арқылы,

пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 46, каб. 301 («ПОҚ конкурсына» деген белгімен), тел.8 (7172) 71-08-60, 8-701-250-25-95 қабылданады.

Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024