Сот төрелігі академиясында «Саяси жүйені жаңғырту жағдайында сот билігінің тәуелсіздігінің конституциялық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Д.М., Кеңес мүшелері, Кеңес аппаратының қызметкерлері және Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Отырысқа кіріспе сөз сөйлеген Дмитрий Михайлович Малахов судьялардың тәуелсіздігін нығайту және конституциялық қағидаттарды сақтау кәсіби күн тәртібінің өзегінде екенін атап өтті. Ол бұған дейін Академия магистранттарымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, болашақ судьяларды даярлауда, олардың құқықтық дүниетанымы мен қоғам алдындағы кәсіби жауапкершілігін қалыптастыруда профессорлық-оқытушылық құрамның қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Т.С. Нұрышева, Қылмыстық-құқықтық пәндердің Ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Р. Сембекова және Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Е.О. Егембердиев баяндама жасады.

Пікірталас алаңы барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын, оны практикалық қолдану мәселелерін, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде конституциялық қағидаттарды іске асыру мен судьялардың тәуелсіздігіне берілетін кепілдіктерді жан-жақты талқылады.

Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін институционалдық тетіктерге және кәсіби әрі конституциялық тұрғыдан сауатты судьялар корпусын қалыптастырудағы білім беру ұйымдарының рөліне ерекше назар аударылды.

Отырыс мазмұнды кәсіби диалог форматында өтті. Қатысушылар конституциялық реформаның бағыттарына қолдау білдіріп, кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру ісінде Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясы арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын растады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024