Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында магистранттар ұйымдастырған Наурыз мейрамы – жаңару, бірлік пен үйлесімділік символына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович  Малахов, Кеңес мүшелері, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері және магистранттары қатысты.

Бұл мереке Академияның игі дәстүріне айналып, қатысушыларды еліміздің ұлттық құндылықтары мен мәдени мұрасына құрмет рухында біріктіреді. Академия қабырғасында Наурыз әрдайым ерекше атмосферада аталып, ұрпақтар сабақтастығы мен халықтық салт-дәстүрлердің маңызын айқындай түседі.

Іс-шара аясында қонақтар қазақ халқының бай мәдениетіне бой алдырды: ұлттық тағамдар, музыкалық және шығармашылық нөмірлер, сондай-ақ дәстүрлі рәсімдер ұсынылды.

Ерекше назар «тұсау кесу» дәстүріне аударылды. Бұл құрметті міндетті Кеңес Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов атқарды. Аталған рәсім балаға ақ жол тілеп, оның өмір жолының жеңіл әрі сәтті болуын білдіретін символикалық мәнге ие болып, мерекенің ең әсерлі сәттерінің біріне айналды.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ұжымдық рухты нығайтуға және елдің мәдени дәстүрлеріне деген құрметті арттыруға ықпал етті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024