«Қылмыстық жаза тағайындаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық дөңгелек үстел

2026 жылғы 30 наурызда з.ғ.к., қауымдастырылған професор, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Ардақ Әлімханқызы Биебаева В.М. Лебедев атындағы Ресей мемлекеттік сот төрелігі университеті (Мәскеу қ.) ұйымдастырған «Қылмыстық жаза тағайындаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел жұмысына онлайн түрде қатысып, «Қазіргі Қазақстанның қылмыстық заңнамасында жаза тағайындауды құқықтық реттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

Халықаралық форумның жұмысына Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, сондай-ақ Ресей Федерациясының судьялары және заңгер-ғалымдары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаза тағайындау кезінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдаланумен; жазаның жекелеген түрлерін қолданудың тиімділігімен; балама санкциялар шеңберінде жаза тағайындау ерекшеліктерімен; соттардың жаза тағайындау институтының нормаларын қолдануы кезінде туындайтын проблемалармен байланысты мәселелердің кең ауқымын салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан талқылады. ТМД елдері заң шығарушыларының жаза тағайындаудың арнайы жеңілдікті ережелерін нормативтік бекіту мәселесіндегі ұстанымдары Дөңгелек үстел қатысушыларының ерекше қызығушылығын  тудырды.

Іс-шара әртүрлі мемлекеттердің судьялар корпусы мен ғылыми қоғамдастық өкілдерінің арасында тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Мәселелерді компаративистік тұрғыдан талқылау ТМД елдерінің қылмыстық заңнамасын дамытудың ортақ үрдістерін де, ұлттық құқықтық жүйелердің өзіндік ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік берді. Дөңгелек үстелге қатысу жеке ұстанымын мәлімдеп қана қоймай, кеңірек халықаралық ғылыми дискурсқа кірігуге мүмкіндік берді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024