









Астанада Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының 10 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы судьялардыңүздіксіз білімі алуы: сот төрелігінің сапасын арттырудың негізі ретінде ғылым мен практиканыңинтеграциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Ержан Жиенбаев, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ конференцияға Әзербайжан, Великобритания, Германия, Қырғызстан, Польша, Өзбекстан, Ресей және Түркиядан келген шетелдік сарапшылар, сот жүйесінің, ғылыми және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Конференцияны өткізуде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. Қанат Мусин модератор болды.
Конференция судьяларды даярлау мен біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, білім беру стандарттарын үйлестіру және сот білімі саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Судьяларды үздіксіз оқыту жүйесін дамыту және ғылыми әлеуетті қолдау бойынша тәжірибеге бағытталған шешімдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Қазақстанда болашақ судьяларды даярлауда сот білімін дамытуға және кәсіби судьялар корпусын қалыптастыруға бағытталған елдегі ерекше мәртебесі бар жалғыз жоғары оқу орны – Сот төрелігі академиясы шешуші рөл атқарады.
Сот білімінің қазіргі жүйесіндегі Сот төрелігі академиясының ерекше маңызы соңғы жылдардағы институционалдық қайта құрулармен байланысты. Оны 2024 жылы Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру судьяларды даярлаудың, іріктеудің және тағайындаудың бірыңғай жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Сот төрелігі академиясындағы білім беру процесі құқықты терең зерттеуді, сот практикасын талдауды, процестерді модельдеуді және қазіргі судьялардың қатысуымен соттарда тағылымдамадан өтуді қамтиды Оқытудың тәжірибеге бағытталған сипаты қазіргі судьяларды оқытуға белсенді тарту арқылы күшейтіледі. Бұл тәсіл білім беру бағдарламаларының қолданбалы бағытын күшейтеді және болашақ судьялардың кәсіби ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.
Соңғы жылдары Сот төрелігі академиясы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д. Малаховтың өкімімен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 2025 жылы ол ғылыми қызмет субъектісі мәртебесін алды, «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» журналы ұсынылған басылымдар тізіміне енгізілді. Академияның ғылыми әлеуетін одан әрі нығайту өткен жылы ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантура бағдарламаларының ашылуымен, біліктілікті арттырудың жеке бағдарламаларын және референдиат институтын енгізумен байланысты.
Алдағы уақытта Сот төрелігі академиясы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және институционалдық байланыстарды нығайтуға баса назар аудара отырып, өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.