

Іс-шара судьялардың біліктілігін арттыруға, құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ салық дауларын қараудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталды.
Курсқа еліміздің барлық өңірлерінен әкімшілік істерді қарайтын жергілікті соттардың 142 судьясы қатысты.
Семинарды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, з.ғ.к. Қанат Қалқаманұлы Мусин ашып, салық заңнамасын жетілдіру, әкімшілік әділетті дамыту және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру жағдайында салық дауларын қарау мәселелері ерекше өзектілікке ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық және жеке мүдделердің теңгерімін сақтау, салықтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайту көп жағдайда осы санаттағы істерді қарау сапасына байланысты. Сонымен қатар мұндай оқыту іс-шаралары судьялардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, тәжірибе алмасуға және құқық қолданудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Александр Юсупович Мұхамедов, «Fortune Partners» ЖШС-нің басқарушы серіктесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының экс-судьясы, з.ғ.к. Дана Айтмағанбетқызы Токмурзина, сондай-ақ «KAPLAN, LEE & PARTNERS» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі Александр Владимирович Каплан баяндама жасады.
Александр Юсупович Мұхамедов өз сөзінде салық заңнамасы нормаларын түсіндіру мәселелеріне және қазіргі сот практикасының ерекшеліктеріне ерекше назар аудара отырып, салық дауларын қараудың негізгі аспектілерін атап өтті.
Дана Айтмағанбетқызы Токмурзина «Салық дауларын қарау практикасы: халықаралық салық салу мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық салық келісімдерін қолданудың практикалық мәселелерін, трансшекаралық салық дауларын шешу ерекшеліктерін және сот практикасының заманауи үрдістерін талқылады.
Александр Владимирович Каплан «Сотқа дейінгі және соттағы салықтық әкімшілендіру: тәжірибелі адвокаттың көзқарасы» тақырыбында қорытынды баяндама жасап, салық дауларын сүйемелдеудегі практикалық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ол сотқа дейінгі кезеңде салық органдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталып, сотта салықтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтарын қорғау бойынша практикалық ұсынымдар ұсынды.
Семинар кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және салық заңнамасы мен әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін тиімді алаңға айналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар, қаралған тақырыптардың практикалық маңыздылығын және спикерлердің жоғары сарапшылық деңгейін ерекше атап өтті.