Жаңа ректор Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ұжымына ұсынылды

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов Сот төрелігі академиясының ұжымына Кеңес Төрағасының өкімімен тағайындалған жаңа ректор – Мусин Қанат Қалқаманұлын таныстырды.

Қанат Қалқаманұлы — заң ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгерлік білім беру және сот жүйесі үшін кадрлар даярлау саласында көпжылдық ғылыми-педагогикалық әрі басқарушылық тәжірибесі бар маман. 2024 жылғы тамыз айынан бастап Қанат Қалқаманұлы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарды.

Осы кезеңде Академия тұрақты даму қарқынын көрсетіп, соттық білім беру саласындағы жүйелі реформаларды іске асыруға институционалдық тұрғыдан дайын екенін дәлелдеді. Кеңес Төрағасы бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жекелеген бағыттары тиімді іске асырылды. Атап айтқанда, Академияда ғылыми-педагогикалық магистратура іске қосылды, докторантура ашылды, ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік алынды, ал «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді. Сонымен қатар, криминалистикалық полигон мен медициналық пункт құрылды.

Академия өз тарихында алғаш рет мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, білім беру және ғылыми қызметінің жоғары деңгейін растады.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов Қ.Қ. Мусиннің жетекшілігімен Академия алға қойылған барлық міндеттерді табысты жүзеге асырып, сапалы жаңа даму деңгейіне шығатынына сенім білдірді.

Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, профессорлық-оқытушылық құрамы, Кеңес Аппараты мен Академиясының қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024