






Курс бағдарламасы судьялардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, сот әдебі қағидаттарын нығайтуға және әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталған.
Курс қатысушылары алдында алғы сөз сөйлеген Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов біліктілікті арттыру курстары кәсіби білімді кеңейтуге және құқық қолдану тәжірибесіндегі заманауи тәсілдерді меңгеруге ықпал ететінін атап өтті.
2025 жылдан бастап алғаш рет курстар аралас форматта – онлайн және офлайн режимінде өткізіледі. Бұл тәсіл білім беру процесінің тиімділігін арттырады, кәсіби қарым-қатынас жасауға, тәжірибе алмасуға және сот практикасының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік туғызады.
Бағдарлама шеңберінде судьялар салықтық дауларды, Мемлекеттік сатып алуды, сот орындаушыларының қызметін және монополияға қарсы органдардың актілеріне дау айтуды қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіреді және өзекті мәселелерін зерделейді.
Курстың дәріскерлері қатарында Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот пен кассациялық соттардың судьялары, Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ әкімшілік әділет саласындағы отандық және халықаралық сарапшылар бар.