Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясының өкілдері Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының өкілі, з.ғ.к., доцент Кайжакпарова Аида Бахытжановна және Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері – ректор Мусин Канат Калкаманович, академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының директоры Абилова Майгуль Нестаевна, жетекші ғылыми қызметкерлер Такишева Гульшат Омирсериковна, Нұртан Азамат Ерланұлы, зерттеу және халықаралық жобалар үйлестірушісі Мұратбек Назия Дәулетқызы – 2026 жылғы 28-29 күндері елордадағы Конгресс-орталықта Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалығы аясында өткен V Еуразиялық экономикалық форумның жұмысына қатысты. 

Делегация «Цифрлық трансформация жағдайындағы ЕАЭО құқығы және Одақ Сотының қызметі: даму әлеуеті» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты. Сессия барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект экономикалық және мемлекеттік басқару салаларына кеңінен енгізіліп жатқан кезеңдегі Одақ құқығы мен еуразиялық сот төрелігін дамыту мәселелері талқыланды.

Сессия қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Одақ құқығын бірізді қолдануды қамтамасыз етудегі рөлін, сондай-ақ цифрлық трансформацияның еуразиялық интеграцияның құқықтық жүйесі үшін ашатын мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін талқылады. Сонымен қатар, жаңа технологиялық жағдайда ЕАЭО құқықтық тетіктерін дамыту әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Форумға қатысу Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі академиясының еуразиялық кеңістіктегі құқықтың даму үрдістерін зерделеуге, сондай-ақ сот төрелігі және құқықтық интеграция саласындағы кәсіби әрі ғылыми байланыстарды нығайтуға мүдделілігін көрсетеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024