


Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында РНШжМҚА-тің Челябі филиалының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Виталий Александрович Воропановтың «XV ғасырдың соңы – XIX ғасырдың ортасындағы Ресейдің шығысындағы сот жүйесі» атты монографиясының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға қатысушыларға Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Қалқаманұлы Мусин құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми ынтымақтастық пен тарихи-құқықтық мұраны зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Тұсаукесер барысында автор XV ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде Ресейдің шығысындағы сот жүйесінің тарихи дамуына арналған басылымның негізгі ережелері мен ғылыми маңыздылығын ұсынды. Монография сот институттарының қалыптасуы, сот ісінің ерекшеліктері және тарихи контекстегі құқықтық механизмдердің эволюциясы мәселелерін қамтиды.
Іс-шараға Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Кездесуге қатысушылар тарихи-құқықтық ғылымды дамыту үшін зерттеудің өзектілігін және сот жүйесін жетілдірудің қазіргі заманғы процестері контекстінде сот құрылымының тарихи тәжірибесін зерделеудің маңыздылығын атап өтті.