
2026 жылғы 29 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің жетінші отырысы өтті.
Отырысқа Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Парламенттің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Э.А. Азимова құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттің конституциялық негіздерін нығайтудың, құқық үстемдігі қағидаттарын дамытудың және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
«Сот төрелігіне қол жеткізу: әкімшілік-процестік мәселелер» отырысының негізгі тақырыбы бойынша Maksut Narikbayev University Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы Р.С. Мельник, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының «FELICITY II» жобасының құқық жөніндегі сарапшысы, заң ғылымдарының кандидаты А.Б. Габбасов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары Г.Ж. Альмагамбетова және И.А. Калашникова, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндердің Ғылыми-білім беру орталығының профессоры, заң ғылымдарының докторы Л.С. Жақаева және басқа да қатысушылар сөз сөйледі.
Профессор Л.С. Жақаева өз сөзінде сот қорғауына құқықтың конституциялық негіздеріне, қолданыстағы әкімшілік рәсімдік-процестік заңнама шеңберінде сот төрелігіне қол жеткізуді шектеу мәселелеріне, сондай-ақ әкімшілік істердің соттылығын заңнамалық реттеу ерекшеліктеріне назар аударды.