
«Казахстанская правда» республикалық газетінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының 10 жылдығына арналған сұхбаты жарияланды.
Дмитрий Михайлович оқу орнының дамуындағы негізгі нәтижелерді қорытындылап, Академияның Кеңес қарамағына өткеннен кейін жүзеге асырылған ауқымды реформалар туралы айтып, оны жаңғыртудың 2027 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтарын айқындады.
Өзінің он жылдық қызметі барысында Сот төрелігі академиясы терең трансформациядан өтіп, мамандандырылған оқу орнынан заманауи ғылыми-білім беру орталығына айналды.
Академияның Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілуі білім беру үдерістерін Қазақстанның сот жүйесінің нақты қажеттіліктерімен толық үндестіруге мүмкіндік берген маңызды институционалдық кезең болды.
Тұжырымдаманы іске асырудың қысқа мерзімінде жаңа оқу жоспарлары бекітілді. Ал 2025 жылғы 4 маусымда Академия «Құқық» бағыты бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыруға лицензия алып, PhD докторларын даярлауды бастады және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің толық циклін қамтамасыз етті. Сонымен қатар судьялыққа кандидаттарға арналған азаматтық және қылмыстық құқық бойынша қарқынды курстарды қамтитын референдиат институты енгізілді.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://kazpravda.kz/n/akademiya-pravosudiya-itogi-desyatiletiya/