«Сұрақ – жауап» айдары: Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына түсу қағидалары туралы

Жоғары Сот Кеңесінің азаматтарға судьялар мәртебесінің негізгі аспектілерін, олардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін және сот жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіруге бағытталған «Сұрақ – жауап» айдары шеңберінде жарияланымдар циклін жалғастыруда.

Рубриканың кезекті шығарылымы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында болашақ судьяларды даярлау мәселелеріне арналған.

Қабылдау, білім беру бағдарламалары, оқу ерекшеліктері, сондай-ақ түсу емтихандарының кезеңдері туралы ең өзекті сұрақтарға Сот төрелігі академиясының ректоры К.К. Мусин жауап берді.

Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы судьялыққа кандидаттарды даярлауды, қазіргі судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін ерекше мәртебесі бар жалғыз жоғары оқу орны болып табылады. Басты мақсат – судья кадрларын даярлау сапасын арттыру және Қазақстан Республикасы сот жүйесінің кадрлық әлеуетін одан әрі нығайту.

Айдардың жаңа материалында магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары, оқуға түсушілерге қойылатын негізгі талаптар және қабылдау емтихандарының тәртібі туралы өзекті әрі пайдалы ақпарат жинақталған.

Бұл жарияланым судьялық мансапты мақсат еткен заңгерлерге өз мақсатына жету жолын нақты жоспарлауға көмектеседі.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024