Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында ағымдағы оқу жылының магистратура түлектері үшін біліктілік емтиханын қабылдау аяқталды

Біліктілік емтиханы болашақ судьяларды даярлаудың қорытынды кезеңі болып табылады және бос судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеуге қатысудың міндетті шарты саналады.

Емтиханды Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, адвокаттар қауымдастығының өкілдері және Академия оқытушыларынан құралған Біліктілік комиссиясы қабылдады. Мұндай құрам түлектердің даярлық деңгейін тәуелсіз, объективті әрі жан-жақты бағалауды қамтамасыз етеді.

Біліктілік емтиханының рәсімі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кандидаттардың теориялық даярлық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тестілеу. Екінші кезең – сот практикасынан нақты жағдайларды модельдейтін практикалық жағдайды шешу. Үшінші кезең – эссе жазу, оның барысында емтихан алушылар өз ұстанымдарын құқықтық талдау, дәлелдеу және логикалық баяндау дағдыларын көрсетеді. Рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезеңнің нәтижелері бойынша апелляциялық тәртіппен шағымдану мүмкіндігі көзделді.

Айта кету керек, биылғы түлектер судья кадрларын даярлауға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алды. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малаховтың бастамасымен Академияда болашақ судьяларды даярлау жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның аясында оқытудың практикалық бағыты күшейтіліп, кейс-әдістер мен заманауи білім беру технологияларын қолдану аясы кеңейтілуде.

Бүгінгі таңда сот төрелігі академиясының магистранттары заңнама мен сот практикасын оқып қана қоймай, нақты жағдайлармен жұмыс істейді, сот процестерін модельдеуге қатысады, соттарда тағылымдамадан өтеді және сот төрелігін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды игереді.

Сонымен қатар білім беру және әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға, жекелеген рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және магистранттардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған цифрлық трансформация үдерістері жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Академияға оқуға қабылдау рәсімдерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл үміткерлерді іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
]
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024