«24KZ» эфирінде болашақ судьяларды даярлау мәселелері талқыланды

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Руслан Сұлтанов «24KZ» телеарнасының «Интервью» бағдарламасына қатысып.

Әңгіме барысында ол Сот білімін дамыту, болашақ судьяларды даярлау және Академияға қабылдаудың жаңа ережелері туралы айтты. Спикер кәсіби, құзыретті және тәуелсіз судьяларды даярлау сот төрелігінің сапасына және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сұхбат барысында қабылдау науқанына ерекше назар аударылды.  Бүгінгі таңда академияға әр түрлі заң мамандықтарының өкілдері түсе алады, бұл сот жүйесінің кадрлық резервін кеңейтуге ықпал етеді және судья мамандығына тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Оқуға деген жоғары қызығушылық соңғы қабылдау науқандарының нәтижелерімен де расталады – бір орынға шаққандағы конкурс шамамен 10 адамды құрайды.

Р.Р. Сұлтановтың айтуынша, Академияның дамуындағы жаңа кезең оның 2024 жылы Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілуінен кейін басталды. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы мен тікелей қолдауының арқасында Академия қызметін кешенді жаңғырту жүзеге асырылып, білім беру сапасын арттыруға, практикалық даярлықты күшейтуге және сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған жаңа стратегиялық даму бағыты белгіленді.

Сұхбат соңында спикер Академияның басты мақсаты әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге қабілетті құзыретті, тәуелсіз және жауапты судьяларды даярлау болып қалатынын атап өтті.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024