
2026 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Отырыс барысында Ғылыми кеңес мүшелері бейінді бағыттағы магистранттарды 2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепті тыңдады. Ғылыми-білім беру орталықтарының оқу қызметінің нәтижелеріне және Қабылдау комиссиясының ағымдағы жұмысына ерекше назар аударылды.
Талқылау қорытындысы бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің жылдық есептері, сондай-ақ Ғылыми кеңестің осы оқу жылындағы жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп бекітуге ұсынылды.
Сонымен қатар отырыста «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналын шығаруды ұйымдастыру және Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізудің қорытындылары шығарылды.