


30 маусым күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енуіне орайластырылған «Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.
2026 жылғы 1 шілдеде республикалық референдумда 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енді. Жаңа Негізгі Заң мемлекеттің конституциялық дамуының одан әрі бағыттарын айқындайды, Мемлекеттік басқарудың институционалдық негіздерін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтады, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы үшін құқықтық негіз жасайды.
Конференцияға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Қалқаманұлы Мусин және Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Лейла Сұлтанқызы Жақаева қатысты. Іс-шараға мемлекеттік органдар, Парламент, сот жүйесі, адвокатура, халықаралық ұйымдар, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ еліміздің және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен сарапшылары қатысып, 150-ден астам өкілдері қатысты.
Қ.Қ. Мусин «Заң мен сот алдында барлығының теңдігінің конституциялық кепілдіктерін сақтау, әрқайсысының сот арқылы қорғалу құқығын құрметтеу» тақырыбында баяндама жасады.