Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына түсу мәселелері бойынша кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Министрлік қызметкерлерінің алдында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Р.Р. Сұлтанов және Академияның заңгері А.К. Баймешева сөз сөйледі.

Кездесу барысында спикерлер түсу шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізімі, сондай-ақ түсу емтихандарын өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Академияға түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 29 шілдесіне дейін жүзеге асырылатынына ерекше назар аударылды.

Академия еліміздегі Қазақстанның сот жүйесі үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ерекше мәртебесі бар жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады.

Академиядағы білім беру процесі «судьялар судьяларды оқытады» қағидаты бойынша құрылады, бұл тыңдаушыларға теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар сот жүйесінің қазіргі өкілдерінен практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Оқу процесінде ойын сот процестеріне және нақты сот жағдайларын модельдеуге ерекше назар аударылады.

Кездесу соңында қатысушылар спикерлерге мазмұнды сөз сөйлегені және қызықтырған сұрақтарға толық жауап бергені үшін алғыстарын білдірді.

Қажетті құжаттар тізбесі, оқуға түсушілерге қойылатын талаптар және қабылдау емтихандары туралы толық ақпаратты Сот төрелігі академиясының ресми сайтынан – sta.edu.kz, сондай-ақ қабылдау комиссиясының 8 (7172) 71-08-73, +7 771 688 85 17 (WhatsApp) телефонылар арқылы алуға болады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024