Сарапшылар Қазақстанның әлеуметтік-құқықтық дамуының жаңа контурларын талқылады

Астанада «Жаңа конституциялық шындық: әлеуметтік-құқықтық даму контуры» тақырыбында «Sarap» сараптамалық клубының отырысы өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының өзекті мәселелерін талқылау, құқықтық жүйені жетілдіру және әлеуметтік мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайту үшін сараптамалық қоғамдастықтың, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясынан Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Толқын Серікғалиқызы Нұрышева қатысты, «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: салыстырмалы-құқықтық талдау» тақырыбында баяндама жасады.

Негізгі сессия аяқталғаннан кейін ашық пікірталас өтті, оның барысында қатысушылар жаңартылған конституциялық нормаларды іс жүзінде іске асырудың, сот жүйесін дамытудың және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024