
Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде академияның магистратурасы мен докторантурасына оқуға қабылдау ережелеріне арналған жазылушылармен апта сайын Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында онлайн-кездесулер өткізіледі.
Кездесу барысында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры Р.Р. Сұлтанов түсу шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ түсу емтихандарын өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Академияға түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 29 шілдесіне дейін жүзеге асырылатынына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, спикер Академияда оқудың негізгі артықшылықтары туралы айтты, олардың ішінде:
– мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушыларға мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі сақталады
– мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушыларға соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақы деңгейінде стипендия белгіленеді. Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шәкіртақы төленеді;
– біліктілік емтиханын тікелей Академия базасында тапсыру мүмкіндігі;
– Академия түлектерін соттағы тағылымдамадан өтуден босату;
– өзге өңірден келген білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету.
Қажетті құжаттар тізбесі, оқуға түсушілерге қойылатын талаптар және қабылдау емтихандары туралы толық ақпаратты Сот төрелігі академиясының ресми сайтынан – sta.edu.kz, сондай-ақ қабылдау комиссиясының 8 (7172) 71-08-73, +7 771 688 85 17 (WhatsApp) телефонылар арқылы алуға болады.
Онлайн кездесулер барлық қатысушыларға тікелей сұрақтар қоюға және құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DanAI9VChk1/?igsh=bzBubHM3dHZsaDhk