
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-педагогикалық бағытының магистранты Е. Шарафутдинова «Құқық және технологиялар синтезі: технологиялық көшбасшылық жолында» тақырыбында Еуропа-Азия құқықтық конгресінің XIX сессиясына қатысты.
Панельдік пікірталастар мен дөңгелек үстелдер шеңберінде қатысушылар құқықтық жүйенің цифрлық трансформациясын, заң қызметінде заманауи технологияларды қолдануды, ТМД елдерінде қылмыстық процесті дамытуды, сондай-ақ заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдірудің басқа да бағыттарын қоса алғанда, өзекті мәселелердің кең ауқымын қарастырды.
Сот төрелігі академиясы магистрантының халықаралық құқықтық форум жұмысына қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және технологиялық өзгерістер жағдайында құқықтық ғылым мен сот практикасын дамытудың заманауи тәсілдерімен танысуға ықпал етті.