Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына келесі құрылымдық бөлімшелерге конкурс жариялайды:
| 1 | Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы: доцент – 1 бірлік |
| 2 | Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығы: доцент – 2 бірлік |
Біліктілік сипаттамалар:
Доцент — жоғары «Бизнес, басқару және құқық» саласындағы білім, ғылым кандидаты, ғылым докторы, академиялық философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің болуы. Теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларды қоспағанда, ғылыми-педагогикалық қызметте немесе судья лауазымында не сот қызметіне қатысы бар салада кемінде жеті жыл жұмыс өтілі; ғылыми еңбектерінің болуы.
Тілдерді білу: қазақ, орыс және мүмкіндігінше шет (ағылшын) тілдерін білу.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, Академия ректорының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар, т.б.), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттарды беруге құқылы.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң аяқталады, сонымен қатар 2026 жылғы 14 тамызға дейін қабылданады.
Құжаттар электрондық sta-kadr@apvs.kz пошта арқылы, пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 46, каб. 301 («ПОҚ конкурсына» деген белгімен), тел.8 (7172) 71-08-60, 8-701-250-25-95 қабылданады.