













Абай облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесі өкілдерінің өңір судьяларымен және Сот әкімшілігінің аумақтық департаменті қызметкерлерімен кезекті көшпелі кездесуі өтті.
Іс-шара судьялар корпусын қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге, кадрлық рәсімдердің ашықтығын арттыруға және судьялар қауымдастығымен кәсіби диалогты нығайтуға бағытталған Кеңестің көшпелі кездесулер топтамасының жалғасы болды.
Кездесу барысында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова Кеңес қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, бос судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеу тәртібі және кадр резервін қалыптастыру туралы айтты.
Кеңес Аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын және конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтудің ерекшеліктерін түсіндірді.
Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Мусин өзекті білім беру бағдарламаларын және болашақ судьяларды даярлау мен қызметтегі судьялардың біліктілігін арттырудың заманауи тәсілдерін таныстырды.
Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау өтті, оның барысында кеңес өкілдері біліктілік емтиханы және судьялық лауазымдарға конкурстарға қатысу туралы сұрақтарға жауап берді.
Мұндай кездесулер судьялар қауымдастығымен кері байланысты нығайтуға және сот жүйесіндегі кадрлық үдерістердің ашықтығын арттыруға ықпал етеді.