
«Параграф» ақпараттық-құқықтық жүйесінде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті, философия ғылымдарының кандидаты – Раушан Сеит-Аскаровна Джусупова мақаласы жарияланды.
«Судьялық этика: ішкі таңдаудан қоғамның сеніміне дейін» мақаласында автор әділ және бейтарап сот төрелігін қамтамасыз етудегі судьялық этиканың маңыздылығын ашады.
Сонымен қатар, автор судьялық этика әр судьяның ішкі моральдық таңдауынан басталып, сот билігіне деген қоғамдық сенімнің жалғасын табатынын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында болашақ судьяларды даярлауға ерекше назар аударылды, онда кәсіби біліммен қатар сот қызметін тиімді және әдепті жүзеге асыру үшін қажетті жеке қасиеттер мен құзыреттер қалыптастырылады.
Мақаламен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://prg.kz/lawyer/document/?doc_id=32424746&pos=9;201