



2026 жылғы 18 қыркүйекте Ұлттық академиялық кітапхананың «Конституция» залында «Жаңа Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің конституциялық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сарапшылық талқылауды Халықаралық заңгерлер қауымдастығы ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушылар елдегі ауқымды конституциялық өзгерістер қолданыстағы заңнаманы кешенді түрде қайта қарауды қажет ететінін атап өтті. Бұл ретте Парламенттің бір палаталы моделі – Құрылтайға көшу, сондай-ақ жоғары консультативтік орган ретінде Қазақстан Халық Кеңесін құру мәселелері сөз болды. Сарапшылар реформалардың тұлғаны қорғаудың озық тәсілдерін бекіте отырып, азаматтардың бірқатар іргелі құқықтары мен кепілдіктерінің мазмұнын айтарлықтай кеңейткеніне ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстел жұмысына Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов, сондай-ақ ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілі – Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Толкын Серикгалиевна Нұрышева қатысты.
Өз сөзінде Т.С. Нурышева жаңартылған құқықтық кеңістікте сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етудегі нормативтік қаулылардың маңыздылығын атап өтіп, ҚР Жоғарғы Сотының нормашығару функциясының рөлін ашып көрсетті.
Пікірталас қорытындысы бойынша қатысушылар конституциялық реформаларды одан әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге және тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар практикалық ұсынымдар әзірледі.