[{"Value":"","Discard":false,"Expires":9999999999}] Сот төрелігі академиясы магистранттарының Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне сапары — sta.edu.kz

Сот төрелігі академиясы магистранттарының Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне сапары

Сот төрелігі академиясының магистранттары топ эдвайзері, PhD доктор,  Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының доценті, Асылбекова Айгуль Ахметовнамен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды.

Экскурсия барысында магистранттар Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі бай тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын бейнелейтін музейдің көрме залдарындағы экспонаттармен танысты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде халқымыздың көпғасырлық тарихының куәсі болып табылатын бірегей археологиялық олжалар, құнды тарихи жәдігерлер және басқа да тарихи мұралар сақталған. Музей экспозициялары Қазақстан қоғамының қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдерін зерделеуге, сондай-ақ еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Музейге бару магистранттар үшін тек танымдық іс-шара ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның тарихи мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды. Мұндай іс-шаралар олардың ой-өрісін кеңейтуге, туған елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімін нығайтуға ықпал етеді.

Осындай білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шаралар болашақ сот жүйесі мамандарын даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Олар магистранттардың жан-жақты дамуына, сондай-ақ жоғары кәсіби және адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына ықпал етеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024