Сот төрелігі академиясының кітапханасы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ сыйға тартқан жаңа кітаптармен толықтырылды

Сот төрелігі академиясының кітапханасы магистранттардың, докторанттар мен оқытушылардың кәсіби және ғылыми дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өзінің кітап қорын кеңейтуді жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың көктемінде Сот төрелігі академиясы мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің (бұдан әрі – ҚарҰЗУ) арасында әріптестік қатынастарды дамытуға, академиялық байланыстарды нығайтуға және бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Сот төрелігі академиясының кітапханасы ҚарҰЗУ сыйға тартқан кітаптардың қомақты жиынтығымен толықтырылды. Жаңа түсімдер құқықтану, тарих, саясат, лингвистика салаларына жатады, сонымен қатар көркем әдебиетті қамтиды. Басылымдардың осындай әралуандығы ғылыми ізденіс, кәсіби білім алу, мәдени және тұлғалық даму мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Сот төрелігі академиясының кітапханасы үшін ҚарҰЗУ заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамының еңбектерін қамтитын құқықтық әдебиеттердің жинағы ерекше мәнге ие. Бұл басылымдар университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін, құқықтың өзекті мәселелерін түсінудің заманауи тәсілдерін көрсетеді және болашақ судьялардың кәсіби және ғылыми көкжиегін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Кітапхана қорының толықтырылуы жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір практикалық нәтижесі және құқықтық білім мен ғылымды дамытудағы академиялық серіктестіктің маңыздылығының дәлелі болды. Алынған кітаптар Академияның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде сұранысқа ие болады және құқық мәселелеріне және білімнің сабақтас салаларына қызығушылық танытқандар үшін құнды ресурсқа айналады.

Сот төрелігі академиясы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне кітапхана қорын дамытуға қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміттенеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024