
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 10-9/11 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларының 9-тармағына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Сот төрелігі академиясы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бір бос орынға ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға құжаттарды қосымша қабылдау туралы хабарлайды. Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратурада оқу мерзімі 2 жылды құрайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға оқуға түсуші тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
1) құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге (қоса алғанда) жиырма сегіз жасқа толуы;
2) жоғары заң білімінің болуы;
3) құжаттарды қабылдау аяқталған сәтте заң мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға құжаттарды қосымша қабылдау 2026 жылғы 25 қазаннан 20 қарашаға дейін жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі, түсу және түсу емтихандарына қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты Сот төрелігі академиясының ресми сайтынан алуға болады: sta.edu.kz, сондай-ақ қабылдау комиссиясының телефоны бойынша: 8 (7172) 71-08-73.