Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың судьяларын қайта даярлау ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының базасында еліміздің барлық өңірлерінен келген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьяларын қайта даярлау бағдарламасы іске асырылуда.

Тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов алғы сөз сөйледі. Судьялар білімін дамытудың басым бағыттарын айқындай отырып, Кеңес Төрағасы аралас оқыту форматын енгізуді кәсіби даярлау жүйесін жетілдірудегі маңызды кезең ретінде атап өтті. Оның бағалауынша, цифрлық технологиялар мен күндізгі оқу модульдерін үйлесімді ұштастыру оқу процесінің икемділігін қамтамасыз ете отырып, тікелей диалог жүргізуге, сараптамалық пікірталастар өткізуге және сот практикасын бірлесіп талдауға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасының мазмұны ювеналды әділеттің негізгі міндеттеріне, атап айтқанда, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғауға, құқық қолданудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға, сондай-ақ коммуникативтік дағдыларды, эмоционалдық тұрақтылықты және сот талқылауын жүргізудің жоғары мәдениетін дамытуға бағытталған.

Дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу үшін Жоғары Сот Кеңесі жоғары білікті сарапшылар құрамын, атап айтқанда, Жоғарғы Соттың, кассациялық және облыстық соттардың судьяларын, Кеңес мүшелерін, тиісті саладағы құқықтанушыларды, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен ұлттық институттардың өкілдерін тартты.

Оқыту практикалық тәжірибе алмасуға және сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаң болып, оның сапасын арттыруға және судья кәсібінің әдеп стандарттарын нығайтуға ықпал етеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Сертификаттарды тексеру Цифрлық оқу-әдістемелік база
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024