Хабарландыру

2026 жылдың 1 сәуір 5 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындық, Сот төрелігі академиясының магистратурасына түсу емтиханын тапсыруға дайындық  онлайн-курсын өткізу жоспарлануда. Курстың ұзақтығы — 86 сағат (2 ай, дс. – жм., сағ. 19:00дан 20:40 дейін).

Курстарды өткізуге Жоғарғы сот және жергілікті соттардың судьялары, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Академияның оқытушылары,  сондай-ақ жетекші мамандар шақырылды.

Бір тыңдаушыға курс құны — 187 222 теңге.

Қатысу үшін өтініш, сауалнаманы толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек. Өтініштер 2026 жылдың 30 наурызына дейін қабылданады.

 

2026 жылғы 2-30 наурыз аралығында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында референдиаттың онлайн-курсы (Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды даярлау жөніндегі қарқынды курс) өткізу жоспарлануда.

Курс тақырыбы: «Азаматтық-құқықтық дауларды қарау және шешу кезінде құқықтың жекелеген салаларын қолдану ерекшеліктері».

Референдиат институты Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде іске қосылды.

Курс «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес судья лауазымына орналасу үшін кандидаттарға белгіленген талаптарға сәйкес келетін тыңдаушыларға арналған.

Курстың мақсаты тыңдаушыларды азаматтық-құқықтық дауларды шешу үшін қолданылатын құқық салалары бойынша заңнаманың негізгі нормативтік ережелерімен таныстыру болып табылады.

Курстың ұзақтығы-36 сағат.

Курстың соңында сертификат беріледі.

Өтінімдер 2026 жылдың 25 ақпанына дейін қабылданады.

Бір тыңдаушы үшін курстарда оқу құны – 112 248 теңге.

Қатысу үшін курсқа қатысушының өтініш, сауалнаманы және жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, 87079583345 жұмыс уақытында (9.00-ден 18.30-ға дейін).

Электрондық пошта: sta-zanger@apvs.kz

 

2026 жылғы 25-27 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Заңнаманың өзекті мәселелері (Азаматтық құқық және процесс (экономикалық даулар), ӘРПК)» тақырыбында біліктілікті арттырудың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстың ұзақтығы – 20 сағат (3 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 9:30-дан 18:00-ге дейін өтеді.

Бір тыңдаушы үшін курстарда оқу құны – 62 360 теңге.

Қатысу үшін курсқа қатысушының өтініш, сауалнаманы және жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.

 

Өтінімдер 2026 жылдың 23 ақпанына дейін қабылданады. Аяқтағаннан кейін сертификат беріледі.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, 87079583345 жұмыс уақытында (9.00-ден 18.30-ға дейін).

Электрондық пошта: sta-zanger@apvs.kz

 

2026 жылғы 28-30 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Заңнаманың өзекті мәселелері» (медициналық құқық, келісім шарт құқығы) тақырыбында біліктілікті арттырудың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстың ұзақтығы-20 сағат (3 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 9:30-дан 18:00-ге дейін өтеді.

Бір тыңдаушы үшін курстарда оқу құны-62 360 теңге.

Қатысу үшін курсқа қатысушының өтініш, сауалнаманы және жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.

Өтінімдер 2026 жылдың 26 қаңтарға дейін қабылданады.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, 87079583345 жұмыс уақытында (9.00-ден 18.30-ға дейін).

Электронды пошта: sta-zanger@apvs.kz

2025 жылғы 26-28 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Заңнаманың өзекті мәселелері» (салықтық, еңбек, азаматтық,  ӘРПК) тақырыбында біліктілікті арттырудың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстың ұзақтығы-20 сағат (3 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 9:30-дан 18:00-ге дейін өтеді.

Бір тыңдаушы үшін курстарда оқу құны-62 360 теңге.

Қатысу үшін курсқа қатысушының өтініш, сауалнаманы және жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.

Өтінімдер 2025 жылдың 21 қарашаға дейін қабылданады.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, 87079583345 жұмыс уақытында (9:00-ден 18:30-ға дейін).

Электронды пошта: sta-zanger@apvs.kz

 

2025 жылғы 6-30 қазан аралығында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Әкімшілік-деликтік құқық және процесс, Әкімшілік рәсімдік-процестік құқық нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» (Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды даярлаудың қарқынды курсы) тақырыбында референдиаттың онлайн-курсын өткізу жоспарлануда.

Курс «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін адамдарға арналған.

Курстың ұзақтығы – 18 сағат (сабақтар аптасына 2-3 рет, 16:30-дан 18:00-ге дейін өтеді).

Өткізу форматы – онлайн.

Өтініш беру мерзімі – 2025 жылдың 3 қазанына дейін.

Курс бағасы – 56 124 теңге.

Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі.

Қатысу үшін өтініш пен сауалнама жіберу қажет.

Толығырақ мына телефондар бойынша: 71-08-49, +7-707-958-33-45 (жұмыс уақытында).

 

2025 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында «Заңнаманың өзекті мәселелері» (салықтық, еңбек, азаматтық,  азаматтық-процестік, мемлекеттік сатып алу туралы) тақырыбында біліктілікті арттырудың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда.

Курстың ұзақтығы-20 сағат (3 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 9:30-дан 18:00-ге дейін өтеді.

Бір тыңдаушы үшін курстарда оқу құны-62 360 теңге.

Қатысу үшін курсқа қатысушының өтініш, сауалнаманы және жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.

Өтінімдер 2025 жылдың 22 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара. Тел.: +7 (7172) 71-08-49, 87079583345 жұмыс уақытында (9.00-ден 18.30-ға дейін).

Электронды пошта: sta-zanger@apvs.kz

2025 жылғы 04-11 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясында Сот төрелігі академиясының магистратурасына түсу емтиханының екінші және үшінші кезеңдерін тапсыруға дайындықтың онлайн-курстарын өткізу жоспарлануда (кейстерді шешу технологиясы және эссе жазу технологиясы).

Курстың ұзақтығы — 10 сағат (5 күн). Сабақтар жұмыс күндері сағат 19:00-дан 20:40-ға дейін өтеді.

Оқу форматы – онлайн
Өтініш беру мерзімі — 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін.
Бір тыңдаушы үшін курстардағы оқу құны – 21 770 теңге.
Қатысу үшін өтініш пен курсқа қатысушының сауалнамасын толтырып, жеке куәліктің көшірмесін жіберу керек.

Байланыс:

Курс үйлестірушісі: Мұхаметқали Гүлнара

жұмыс тел.: +7 (7172) 71-08-49

ұялы тел.: +7 707 958 3345 (жұмыс уақытында)

e-mail: akademiya.kursy@bk.ru

Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024