Қабылдау телефон нөмірі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистратурасына оқуға түсетіндерге арналған ақпарат
2024 жылдың 1 маусымынан бастап Академия магистратурасына түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Тіркеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді — app.testcenter.kz
Биыл бейінді магистратураға түсу жөніндегі Ережеге өзгерістер енгізілді. Енді бейінді магистратураға түсуге ниет білдірушілер оқуға дайындығын анықтау үшін тест тапсырудан босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады: 50 тест тапсырмасы, оның ішінде бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20.
Шекті балл 30 балды құрайды, оның ішінде әр пән бойынша кемінде 7 балл алу керек.
Қосымша ақпарат: Ұлттық тестілеу орталығы сайтында (testcenter.kz)