ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

ДОКТОРАНТУРА

  1. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  2. жоғары білім туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);
  3. жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);
  4. мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – осы Қағидалардың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшының қолы қойылған жұмыс орнынан жолдама;
  5. мемлекеттік қызметші болып табылатын адамдар үшін – заң кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын адамдар үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң кәсібі бойынша еңбек қызметін растайтын құжат;
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі — № 175/2020 бұйрық) 075/У нысанындағы медициналық анықтама;
  7. шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болған жағдайда);
  8. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары;
  9. педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы құжат (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін).

Портал арқылы «жеке кабинетте» жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы:

  1. көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық Өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) электрондық көшірмесі;
  3. жоғары оқу орнынан кейінгі білімі құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) электрондық көшірмесі;
  4. мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – жолдаманың электрондық көшірмесі;
  5. мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі; мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын түсуші тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  6. № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
  7. шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесі;
  8. соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімінің (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспарының электрондық көшірмесі;
  9. педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы құжаттың (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) электрондық көшірмесі.

Электронды түрде берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ЭЦҚ арқылы куәландырылады.

МАГИСТРАТУРА

Қолма-қол қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге мынадай құжаттар беріледі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
  2. жоғары білім туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);
  3. мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша басшының қолы қойылған жұмыс орнынан жолдама (бұдан әрі – Жолдама);
  4. мемлекеттік қызметші болып табылатын адамдар үшін – заң кәсібі бойынша жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама; өңірлік квота бойынша түсетін адамдар және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын адамдар үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң кәсібі бойынша еңбек қызметін растайтын құжат;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі — № 175/2020 бұйрық) 075/У нысанындағы медициналық анықтама;
  6. шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат (бар болған жағдайда) – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылуы тиіс.

Шет тілінде ұсынылған құжаттардың нотариалдық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы қажет.

Портал арқылы «жеке кабинетте» жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы:

  1. көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық Өтініш;
  2. жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) электрондық көшірмесі;
  3. мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – жолдаманың электрондық көшірмесі;
  4. мемлекеттік қызметшілер болып табылатын тұлғаларға – жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі; мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын түсуші тұлғаларға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес заң мамандығы бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  5. № 175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/У нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
  6. шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесі – ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін.

Электрондық түрде берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Оқуға түсушілердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттарды ұсынуы оларды түсу емтиханының барлық кезеңдеріне қатысудан шеттету, сондай-ақ оқу процесінде оларды Академиядан шығару үшін негіз болып табылады.

Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, 46 ғимарат.

Анықтама телефондары бойынша: қызметтік телефон: 8 /7172/ 71-08-73; 71-08-46

Моб. тел. (WhatsApp): 8 771 688 85 17

Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024