Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің басшыларымен кездесу

2024 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов, сондай-ақ, Жоғары Сот Кеңесінің Аппарат басшысы Дәурен Болатұлы Мұратбеков Сот төрелігі академиясында ұжыммен танысу және оқу орны жұмысының ағымдағы сұрақтарын талқылау мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында қонақтар Академияның қызметімен танысып, материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту мәселелерін, сондай-ақ, Академия жұмыскерлерінің мәртебесі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуін қарастырды. Академия ғимаратын аралау барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің басшылары оқу үрдісімен танысып, профессор Т.Қ. Бурбаевтың сабағына қатысты.

Дмитрий Михайлович Академияның одан әрі дамуына қызығушылық таныта отырып, осы бағыттағы нақты іс-әрекеттердің алгоритмін анықтады, сондай-ақ, қойылған міндеттерді жүзеге асыруға ниетті екенін көрсетті.

Малахов Дмитрий Михайлович 2024 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024