Қабылдау телефон нөмірі
Эдвайзерлердің тәрбие жұмысы аясында 2024-2025 оқу жылының 1 семестр барысындағы теориялық оқыту кезеңінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарымен олардың болашақ судья ретіндегі патриотизмін, жоғары адамгершілік, саналық, мәдени, этикалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.
28 қыркүйекте профессор Т.Қ. Бурбаев магистранттармен «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне барды. АЛЖИР –жылдар бойы«халық жаулары» деп өлім жазасына кесілгендердің18 мыңнан астам әйелдері тұтқындалған жер. АЛЖИР – Қазақстандағы тағдырларыталқандалғандарды жоқтау орны мен адам құқығының бұзылуына байланысты қайғылы оқиғалардың куәсі болған мұражайлардың бірі.
21 қыркүйекте Сот төрелігі академиясының профессорлары Т.К. Бурбаев пен Т.С. Нұрышева магистранттармен бірге Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалықдрама театрында белгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесі негізіндесахналанған «Қызыл орамалды шынарым» атты қойылымын тамашалады. Сонымен қатар, 4 қазанда магистранттар профессорлар Б.Д. Бияхметова, А.А. Биебаева, Т.С. Нұрышеваменбірге тарихи тұлға, Қазақ хандығының тұңғыш саясаткер-әйелі «Бопай-ханым» туралы қойылымның көрермені болды. Театрларға бару магистранттардың эмоционалдық интеллектін, дүниені эстетикалық қабылдауын, коммуникативті дағдыларын дамытады.