Қабылдау телефон нөмірі
2024 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердіңғылыми-білім беру орталығының директоры Е.О. Егембердиев 40 магистранттың ерікті түрде қатысуымен, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен ағаш отырғызу бойынша экоакция ұйымдастырды.«Жер және экологиялық заңнама нормаларын қолдану практикасы» пәні бойынша тәрбие жұмысы шеңберінде өткізілген бұл іс-шара Академияның елорда экологиясын жақсарту ісіне өз үлесін қосуына бағытталған. Экологиялық заңнама міндеттерінің бірі адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету, ал жер заңнамасы қағидаттарының бірі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатыны баршаға мәлім.
Осылайша, болашақ судьялар бір жағынан, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау жөніндегі конституциялық міндеттерін орындаса, ал екінші жағынан, Сот төрелігі академиясы магистранттарының келесі ұрпақтарыөрбітетін жаңа дәстүрдіңнегізін қалады.