Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

ҚР ЖСК төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал атқарғаны үшін Сот төрелігі академиясының келесі қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті:

  • з.ғ.к., Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Ардақ Алимхановна Биебаеваға;
  • з.ғ.к., Азаматтық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының профессоры Руслан Рамазанович Султановқа;
  • Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының үйлестірушісі Гульмира Манаубаевна Бейсеноваға;
  • Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының үйлестірушісі Гүлнара Мұхаметқалиға;
  • Ақпараттық технологиялар қызметінің бас жүйелік әкімшісі Бағдат Базарханович Утепбаевқа.

Сол күні Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. Қ.Қ. Мусин Республика күніне арналған дәстүрлі жиналыс өткізді, оның барысында профессор-оқытушылар құрамының өкілдері атаулы күн мен Қазақстан үшін тек ұлттық мерекенің маңызы туралы баяндамалар жасады.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024