Біліктілікті арттыру

2024 жылғы 23-25 қазан аралығында Қылмыстық-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының оқытушылары А.А. Биебаева мен Б.Р. Сембекова, Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығының үйлестірушісі Д.А. Мергенбаев «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы жаттықтырушыларға арналған тренингке қатысты. Іс-шараны Ұлыбритания Елшілігінің, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының атсалысуымен Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) ұйымдастырды.

Заң ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор Гүлнара Сүлейменованың, сондай-ақ БҰҰ Оқу және зерттеу институтының кеңесшісі, Ұлыбритания Үкіметінің Тұрақтандыру жөніндегі бөлімшесінің қылмыстық сот төрелігі мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ник Станидждің арқасында тренингке қатысушылар алқабилер қатысатын істер бойынша сот төрелігін іске асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық, тактикалық қырларына терең бойлауға, алқабилер сотының классикалық және қазақстандық модельдерін салыстыруға мүмкіндік алды.

Біздің елімізде алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санаттары біртіндеп кеңейіп, мұндай сот қараған істер саны жыл сайын өсіп келе жатқан (мысалы, 2023 жылы – 147 іс, 2024 жылдың 8 айында – 169 іс) жағдайда, осы іспеттес тренингтерді өткізу заңгерлерге (судьяларға, қорғаушы тарапқа, айыптаушы тарапқа) алқабилердің қатысуымен жұмыс істейтін сот төрелігі жүйесі шеңберінде тиімдірек әрекет етуге көмектеседі, бұл болса, сот төрелігін іске асырудағы демократиялық принциптерді одан әрі нығайтуға қызмет етеді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024