Судьялардың біліктілігін арттырудың тақырыптық курсы

2024 жылғы 21 қазан мен 01 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында әкімшілік істерді қарайтын облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары үшін «Әкімшілік рәсімдік және процестік заңнама нормаларын қолдану практикасы» тақырыбында біліктілікті арттыру тақырыптық курсы ұйымдастырылып өткізілді.

Курс шеңберінде сабақтарды өткізуге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың судьялары, сондай-ақ отставкадағы судьялар, халықаралық және жергілікті мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы тартылды.

Тақырыптық курс судьялардың мамандандырылған бағыт бойынша жеке құзыреттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Курс барысында әкімшілік рәсімдік және процестік заңнама қағидаттарын тәжірибеде қолдану, әкімшілік актілердің құқыққа сыйымдылығын тексеру, оларға шағымдану, сондай-ақ әкімшілік істердің жекелеген санаттарын (тұрғын үй, салық, монополияға қарсы, жер даулары, мемлекеттік сатып алу) қарау ерекшеліктері талқыланды.

Сондай-ақ осы курс шеңберінде 2024 жылғы 31 қазанда біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германиялық қоғам (GIZ) ұйымдастырған «Әкімшілік құқық және процесс: қазіргі жай-күй және болашақ сын-қатерлер» тақырыбында Әкімшілік құқық жөніндегі XV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу мүмкіндігін алды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024