Сот төрелігі академиясының профессорлары Қылмыстық сот төрелігі бойынша IX форумға қатысты

     2024 жылғы 20-21 қарашада Астанада Орталық Азия үшін Қылмыстық сот төрелігі бойынша тоғызыншы сараптамалық форум өтуде. Аталған іс-шара аясында ҚР Сот әкімшілігі жаңартылған Ыстамбұл хаттамасы мен БҰҰ органдарының ұсынымдарына сәйкес азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынас құрбандарына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ оларды оңалту тетігін жетілдіру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
     Дөңгелек үстелде ҚР Сот Әкімшілігі, Бас прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі әзірлеген ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. Сот төрелігі академиясының Азаматтық-құқықтық пәндердің ҒБО директоры Е.О. Егембердиев азаптаулар және қатыгез қарым-қатынас құрбандарын анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың тізбесіне енгізу бөлігінде Азаматтық кодекске түзетулерді талқылауға қатысты. Қылмыстық-құқықтық пәндердің ҒБО профессоры А.А. Биебаева «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңына ұсынылған түзетулер шеңберінде азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынас құрбандарына өтемақы мөлшерін ұлғайту мәселесі бойынша өз ұстанымын білдірді.

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024