Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының сұрақтары бойынша «Ашық Алаң» тақырыптық диалогы

2024 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының Қылмыстық құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығы «Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының олқылықтары және оларды жою тәсілдері» атты заңгерлердің «Ашық Алаң» тақырыптық диалог алаңын ұйымдастырды. Іс-шараны аталған орталық директорының м.а., з.ғ.к. Б.Р. Сембекова модератор болып, жүргізді.
Тақырыптық диалог ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а., з.ғ.к. Қ.Қ. Мусиннің құттықтау сөзімен ашылды, ол Сот төрелігі академиясы заңгерлердің қатысуымен жүргізетін құқықтың барлық салаларының өзекті мәселелерін қарау бойынша тақырыптық диалогтық кездесулердің жыл сайынғы сипатын белгілеп, зерттелетін тақырыптың қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу нормаларын жетілдіру үшін маңыздылығын атап өтті.
Осы тақырыптық диалог алаңында Астана қалалық сотының судьясы Н.Е. Баяхметов, з.ғ.д., ҚР Конституциялық Сотының талдаушысы Е. Исмагулов, з.ғ.к., Maksut Narikbayev University teaching professor Э.Е. Мусенова баяндама жасады. Ұсынылған баяндамалар қорытындысында зерттелетін мәселелердің теориялық және практикалық қызығушылық тұрғысынан маңыздылығына байланысты негізгі аспектілері бойынша талқыланды.
Сонымен қатар Сот төрелігі академиясының магистранттары да талқылауға белсенді түрде қатысты. Атап айтқанда, Д.С. Ыдырысов, И.А. Жабағыбаева (ғылыми жетекшісі, з.ғ.к. Б.Р. Сембекова); Е.Т. Мағауия, Б.С. Сериков (магистрлік жобаларының ғылыми жетекшілігі з.ғ.к. А.А. Биебаеваға бекітілген) мазмұнды баяндамалар жасады.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024