Магистранттардың конференцияға қатысуы

2025 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибе мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Сот төрелігі академиясының магистранттары Л.Акчулакова мен А.Ақшалова қатысты. Магистрант Л. Акчулакова «Халықаралық қатынастардағы мемлекеттік бірегейлік» тақырыбында баяндама жасады. Магистрант өз баяндамасында қазіргі қоғамдағы және халықаралық аренадағы Қазақстанның мемлекеттік бірегейлігі мәселесін ашты.
Магистранттардың осындай іс-шараларға қатысуы зерттеу дағдылары мен шешендік қабілеттерін дамытады, сондай-ақ білім деңгейін арттырады.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024