2024 жылғы 04 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің (бұдан әрі – Сенат) көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Сенат Төрағасының орынбасары Асанов Жақып Кажманович, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Бекназаров Нұрлан Құдиярович және Сенат депутаттары – Комитет мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) Төрағасы Дмитрий Михайлович Малахов, Кеңес мүшелері және Кеңес аппаратының өкілдері қатысты.
Сапар барысында Сенат делегациясы оқу процесінің барысымен танысты, аудиторияларды, сот отырысы залын, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының кітапханасын аралады.
Көшпелі отырыс ректордың м.а. К.К. Мусиннің Сот төрелігі академиясының ағымдағы қызметі мен даму бағыттары туралы, сот жүйесі мәселелерін талқылау, оны кадрлармен қамтамасыз ету және судьяларды даярлау форматында таныстырылым презентациясымен басталды. Н.К. Бекназаров бұл көшпелі отырыс парламенттік тыңдаулар қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтіп, судьялардың кәсіби даярлық деңгейі мен құқық үстемдігі бір-бірімен тікелей байланысты екендігіне назар аударды. Ж.К. Асанов өз сөзінде сот жүйесіндегі кадрлардың сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті және 2018-2022 жылдар аралығындағы реформалар туралы айтты, бұл өз кезегінде судьяларды іріктеудің ашықтығына және судьяларды тағайындау кезіндегі объективтілікке мүмкіндік берді.
Д.М. Малахов және Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері судьяларды іріктеудің барысы мен ағымдағы процесі туралы ақпаратпен сөз сөйледі, сондай-ақ кассациялық соттарды кадрлармен қамтамасыз етуге қатысты өз ұстанымдары туралы айтты.
Пікірталасқа қатысушылар, оның ішінде жекеленген өңірлерді сот кадрларымен қамтамасыз ету, судьяларға жүктемені азайту, сот төрелігін іске асыру кезінде жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін шешуге қатысты пікір білдіріп, тәжірибе алмасты.
Сот төрелігі академиясы сот кадрларын даярлау сапасын одан әрі жақсартуға көмектесетін құнды кеңестер алды.