«Сот қызметіндегі риторика мен коммуникация» пәні аясында дөңгелек үстел

2025 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік және құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығында саяси ғылымдарының докторы, профессор В.А. Жексембекованың қатысуымен «Сот қызметіндегі риторика мен коммуникация» пәні аясында 2024-2к-тобының магистранттарымен «Сот қызметіндегі мәдениетаралық коммуникация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Академия магистранттарымен әр азаматтың заң алдында теңдігі мен әділ сот жүргізу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында судьялардың мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамыту, халықтың сотқа деген сенімін арттыру және оң көзқарасты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Лектор қорытынды сөзінде сот жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалогты нығайту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен әділ сот төрелігін жүзеге асыруда ықпалды рөл атқаратынын атап өтті.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024