Ғылыми-практикалық конференция «Қазақстан Республикасында құқықтық қорғаудың тиімді құралдарына құқық туралы диалог»

2025 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі Академиясының Қылмыстық-құқықтық пәндер ғылыми-білім беру орталығы директорының м.а., з.ғ.к. Б.Р. Сембекова және қосымша білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі, заң ғылымдарының магистрі Д.А. Мергембаев «Қазақстан Республикасында құқықтық қорғаудың тиімді құралдарына құқық туралы диалог» ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
Конференцияны «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының демократия қоры ұйымдастырды. Конференция жұмысына Адам құқықтары жөніндегі ұлттық сарапшы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, ф-м.ғ.к. Т.Д. Әбішев, сондай-ақ Қазақстан ғалымдары, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, Жоғарғы Соттың, облыстық және аудандық соттардың судьялары, адвокаттар қатысты.
Конференция барысында Б.Р. Сембекова баяндама жасап, қылмыстық сот ісін жүргізудің іс жүргізу кепілдігі ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесін ашты.
Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024