ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары эдвайзер Джусупова Раушан Сеит-Аскаровнамен бірге The Nomads’ Fire этно-шоуына қатысты!

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары эдвайзер Джусупова Раушан Сеит-Аскаровнамен бірге The Nomads’ Fire этно-шоуына қатысты!
Бұл кеш біздің тыңдаушылар үшін көшпелі өркениеттің дәстүрлері мен тарихына терең үңілуге мүмкіндік берген жарқын мәдени оқиға болды. Музыкалық қойылымдар, ұлттық билер, этно-рок пен джаз элементтері ерекше атмосфера қалыптастырып, өткен мен бүгінді үйлесімді түрде тоғыстырды.
Сот төрелігі академиясы тек сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тыңдаушыларын жан-жақты дамытуға, оларды еліміздің мәдени мұрасымен таныстыруға ықпал етеді. Мұндай шаралар дүниетанымды кеңейтіп, ұлттық мақтаныш сезімін нығайтады деп сенеміз.
Осы керемет шоу ұйымдастырушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз! 🇰🇿✨

Жоғарғы Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы
ЖОҒАРҒЫ СОТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Астана қалалық соты
Ғылыми өмір
Ақылы курстар
Сертификатты тексеру
Академия логотипі

© Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, 2024