Қабылдау телефон нөмірі
2025 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында Қазақстандағы ең ірі интернет-басылымдардың бірі – Zakon.kz өкілдерімен нәтижелі және өте мазмұнды кездесу өтті.
Zakon.kz желілік басылымының бас редакторы Беляков Д.А. және «ЮрИнфо Компаниясы» ЖШС бас директоры, «Правмедиа» жобасының жетекшісі, «Халық заңгері» республикалық акциясының авторы және ұйымдастырушысы Коломин М.П. Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамын өздерінің онлайн платформаларында өткізілетін жобалар мен форумдарға қатысуға шақырды.
Олар Zakon.kz және «Параграф» ақпараттық жүйелерінің ресурстары мен мүмкіндіктері туралы айтып, ынтымақтастықтың ықтимал нысандарын талқылады. Тараптар бірлескен идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылық танытты.